Павликов Иван Данилович

1924 жылы туған, Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Құлынды ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. 1942 жылы 22 тамызда ЖШҚА-ға шақырылды. 1514-ші жойғыш-танкіге қарсы артиллерия полкінің құрамында қару дәлдеушісі; жеке барлау батальонының құрамында барлаушы; 1-ші танкілік корпусы 86 – шы жеке мотоциклет батальонының құрамында қару дәлдеуші; 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы 22-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында (Ленинград майданы) автоматшы ретінде соғысқан.

Еңбек жолы. «Жаңажол» кеңшарында тракторшы, Баянауыл мехорман шаруашылығында ағаш шебері болып жұмыс істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. «За отвагу» медалі; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медалі.