Сапегин Валентин Алексеевич

1921 жылғы 12 қаңтарда туған, Ресей Федерациясы Новосибирск қаласының тумасы.

Әскери білімі, мамандығы. Барлаушылар взводы кіші командирлерінің қысқа мерзімді курсы, взвод командирі.

Жауынгерлік жолы. 1940 жылғы қыркүйекте ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысына 601-ші мото(атқыштар) полкінің құрамында автовзвод командирінің көмекшісі; Батыс, Орталық майдандары әскерінің құрамында взвод командирі ретінде қатысқан. 1947 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Шофер, қазандықтың басты механигі, «Майқайыңалтын» комбинаты №42 шахтаның компрессорлық қондырғының слесарі болып жұмыс істеген. (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. Отечественной войны I степени», Отечественной войны II степени, «Славы III степени» ордендері.