1920 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.
Әскери мамандығы. Зениттік артиллерия артиллерияшысы, қару командирі.
Атағы. Аға сержант.
Жауынгерлік жолы. 1941 жылғы 4 сәуірде ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысына 14-ші зениттік прожекторлық полкі, 1203-ші зениттік артиллерия полкінің құрамында; 1355-ші зениттік артиллерия құрамында зеңбірек нөмірі ретінде қатысқан. Белоруссияны, Украинаны, Польшаны, Германияны азат етуге қатысқан.
Еңбек жолы. Павлодар облысында тұрды.
Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За отвагу», «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары.