Сағинаев Елубай (Елібай,Елубай)

1914 жылғы желтоқсанда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Гвардия аға лейтенанты.

Жауынгерлік жолы.  1937 жылғы 1 қарашада (1941 жылғы шілдеде) ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысына156-шы атқыштар бригадасының құрамында автоматшылар ротасы командирінің орынбасары; 2-ші артиллерия дивизиясы 505-ші (гаубица) артиллерия полкінің құрамында батарея командирі ретінде қатысқан. Жаралануына байланысты 1944 жылғы қазанда әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақстан. КП (б) Баянауыл аудандық комитетінің насихатшысы, «Ленин туы» Баянауыл аудандық газетінің редакторы, Баянауыл аудандық комитеті төрағасының орынбасары, Каганович аудандық комитеті төрағасының орынбасары, Куйбышев аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, Куйбышев аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, КСРО  Мемлекеттік банкі Куйбышев аудандық бөлімшесінің атқарушысы, Қазақстан Компартиясы Куйбышев аудандық комитетінің нұсқаушысы, Краснокутск ауданы «Екібастұз» кеңшары бастауыш партия ұйымының хатшысы, Қазақстан Компартиясы Баянауыл аудандық комитетінің нұсқаушысы, Баянауыл ауданы «Карасук» кеңшары бастауыш партия ұйымының хатшысы болып жұмыс істеген. (Павлодар облысы).

Марапаттары. Отечественной войны II степени, Славы II степени ордендері; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»«За освоение целинных земель» медальдары.