Сағитов Қамал

1922 жылы 9 маусымда Баянауыл ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1983  жылдың 28 ақпанда дүниеден өтті.

Атағы. Минаметчик.

Жауынгерлік жолы. 1942 жылы наурыз айында Қызыл әскер қатарына шақырылған. Қиыр шығыста 128-ші атқыштар дивизиясында минаметчик болып, 1946 жылдың желтоқсан айына дейін Солтүстік Корея жерінде.

Еңбек жолы. «Майқайыңалтын» комбинатында Керегетас руднигінде еңбек етті. Майқайың кентінің халық депутаттары ұйымының басшысы болды. Бірнеше рет Майқайың кенті халық  депутаттар кеңесіне депутат болып сайланған.

Марапаттары.  «Жапониядағы жеңісі үшін» медалі; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; «25 лет  Победы в Великой Отечественной войне» мерейтойлық медальдары.