Сейсенбаев (Сейсембаев) Қайырбек (Қайрбек)

1922 жылғы туған, Ақмола облысының тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш пулеметші.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. 1942 жылғы сәуірде ЖШҚА-ға шақырылды. 190-шы атқыштар полкінің құрамында соғысқан. Сталинград шайқасына, Германияны азат етуга қатысқан. 1946 жылы әсерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Шебер, аға шебер, растворщик, кен қалдықтарын өңдеу бойынша жұмысшысы, «Майқайыңалтын» комбинаты «Төртқұдық» өртсөңдіру командасының жауынгері, қарауыл бастығы жұмыстарын атқарып, өртсөндіру бөлімінде жұмыс істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда» медальдары;  «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К. мерейтойлык медальдары; белгісі: «25 лет  Победы в Великой Отечественной войне», «Ветеран войны 1941-1945 гг».