Смағұлов Маржан

1924 жылғы 20 желтоқсанда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 2002 жылғы 15 тамызда қайтыс болды. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Күркелі ауылы.

Жауынгерлік жолы. 1942 жылғы қыркүйекектен кешікпей ЖШҚА-ға шақырылды. Теміржол полкінің құрамында атқыш ретінде соғықан.

Еңбек жолы. Кеңес Әскерінде өызмет етті; Сарықамыс ауылдық клубының меңгерушісі, Баянауыл аудандық қаржы агенті, 18-ші Партконференция атындағы ұжымшардың шофері, «Шадринский», «Южный» кеңшарының шофері, автодүкен сатушысы-шофері, «Южный» кеңшары автогаражының күзетшісі, Баянауыл өңдірістік жол учаскесінің жұмысшысы болып жұмыс істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. «Ветеран труда» медалі; мерейтойлық медальдар: «Пятьдесят  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К.; белгісі: «25 лет  Победы в Великой Отечественной войне», «Ветеран войны 1941-1945 гг».