1916 жылы туған, Украинаның Харьков облысының тумасы.
Әскери мамандығы. Фельдшер.
Атағы. Медицианылық қызметтің кіші лейтенанты.
Жауынгерлік жолы. 1941 жылы 23 маусымда ЖШҚА-ға шақырылды. 1761 эвакуациялық аурухана құрамында; 8-ші эвакуациялық пункттің аға медбикесі ретінде; 1089-шы эвакуациялық аурухананың аға медбикесі ретінде (Солтүстік-Батыс, 2-ші Балтық майдандары) соғысты.
Еңбек жолы. «Майкаинзолото» комбинатының медициналық бөлімінде, Алексеевский кеңшарында фельдшер болып жұмыс істеді (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).
Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары.