Сұлтанов Ғалым Тәжібайұлы

1902 жылдың 15 тамызында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1992 жылдың 16 мамырында қайтыс болған, Павлодар қ.

Әскери мамандығы. Дәрігер-терапевт.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1938 жылы шақырылған. Әскери госпиталі мен әскери клиникасы құрамында щайқасқан.

Еңбек жолы. Павлодар облыстық ауруханасы терапевт бөлімінің меңгерушісі, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің терапевті болып жұмыс істеген. Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген дәрігері.

Марапаттары. Орден: Ленин; белгі: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі».