Сәметов Қамалиден Сәметұлы

1916 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Саяси қызметкер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың мамырында шақырылған. 1-ші гвардиялық армия 183-ші атқыштар дивизиясының 285-ші атқыштар полкі құрамында 1-ші атқыштар батальоны парторгі атқыштар бөлімшесі командирі ретінде (1-ші Украина майданы) шайқасқан. Украинаны азат етуге қатысқан. 1944 жылдың желтоқсанында жарақатына байланысты әскерден босатылған.

Еңбек жолы. Қарағанды облысы Қарқаралы орта мектебінің директоры, «Майқайыңалтын» комбинаты қызметкерлер кәсіподағы комитеті кеніш комитетінің төрағасы, «Майқайыңалтын» комбинаты «Жосалы» кеніші 1-ші бөлімінің басшысы және партбюро хатшысы, Баянауыл ММС директорының саяси бөлім бойынша орынбасары, Қазақсатан Компартиясы Баянауыл аудандық комитетінің нұсқаушысы, 1-ші Май атындағы кеңшарының төрағасы (Павлодар облысы Баянауыл ауданы)  болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Красной Звезды ордені; «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары.