Таңжарықов Қапсалық

1900 жылы туған.  Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1942 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 2 – ші Белорус майданында 139 атқыштар дивизиясының 718 – ші атқыштар полкінің 1 – ші атқыштар батальоны құрамында атқыш ретінде  қатысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Май ауданының «Бестау» ұжымшарының төрағасы, Май ауданының Киров атындағы кеңшарының ферма меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Славы ІІІ степени ордені.