Түспеков Ермекбай

1919 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген.1941-1945 жылдары соғыста болып ауыр жарақат алған. Майдандағы  ерлік істері үшін көптеген орден,  медальдармен марапатталған.

Бейбіт жылдары Баянауыл ауданы Қызылқоғам ауылында (казіргі Бүркітті) еңбек етеді. Біраз жыл бойына ұжымшар төрағасы болып, ауылдың өркендеуіне септігін тигізген.