«Қазіргі заманғы кітапхананың жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар-тренинг.

2021 жылдың 28-ші қазан күні Баянауыл ауданының ОКЖ-нің әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің міндеттерін айшықтау, кәсіби біліктілігін арттыру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту мақсатында аудандық, ауылдық кітапханалар қызметкерлері арасында «Қазіргі заманғы кітапхананың жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

ОКЖ басшысы С.Ф. Рахимова алғысөз сөйледі. Семинар барысында кітапханашыларға программист Ибрагим Ерхан Ерқасанұлы «Canva» бағдарламасын пайдалану жөнінде және Canva-мен қалай дизайн жасау керек екендігін жайында шеберлік сағаты өтті. «Кітапхана қорын есепке алу және сақтау» кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі А.С. Мактаева, мамандарға кітаптарды сөреге дұрыс орналастыру және  алфавиттік жүйелі каталогтардың дұрыс орналастыруы туралы мәлімет берсе, әдіскер Ж.Т. Байжанова слайд арқылы «Кітапхана жобалары» іс-шаралары туралы айтып өтті. Кітапханашыларға  «Бәрін тастада да, оқуды баста», «Жаңа терминдер сөздігі», «Интерактивті кітап көрмелері» әдістемелік құралдары таратылды. Семинар өте мазмұнды болып өтті.