Хайруллин Ғабдұлмәжит (Хабдулмажит)

Хайруллин Ғабдұлмәжит (Хабдулмажит) 1925 жылы 25 қазанда туған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы 5-қаңтарда шақырылған. Ұлы Отан соғысында 76-мотоатқыштар полкі құрамында атқыш ретінде соғысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. [Баянауыл аудандық арнайы бірлестікте] малшы болып жұмыс істеген. (Лекер ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы).

Марапаты. «Отечественной войны І степени» ордені.