Халиуллин Ш.С.

1921 жылы 23 наурызда туған. Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласының тумасы. 1987 жылы 24 маусымда қайтыс болған.

Әскери мамандағы. Механик-жүргізушы.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы.  ЖШҚА-ға 1940 жылы қазанда шақырылған. Ұлы Отан соғысында 141-танк бригадасының күзет ротасы құрамында бөлімше командирі ретінде соғысқан. Кёнигсберг қаласын алуға қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. «Майқайыңалтын» комбинатында шофёр, (ЦЭС)  ОЭЖ  кентінің станциясында сменалық шебер (мастер), «Шарбақкөл» көмір кенішінде механик-энергетик болып жұмыс істеген. (Баянауыл ауданы, Павлодар облысы).

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени, Красной звезды ордендері; «За взятие Кёнигсберга», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдары; төсбелгі «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».