Хамзин Әсембек

1926 жылы 7 ақпанда туған. Павлодар облысының тумасы.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік  жолы.  ЖШҚА-ға 1943 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысында Польша, Германия аймағында әскерлер құрамында соғысқан.  1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы.  Абай атындағы №2 алтын іздеушілер артелінде бригадир, тау-кен мастері, «Майқайыңалтын» комбинатының капиталдық құрылыс бөлімінде құрылыс учаскесінің қосалқы шаруашылық өндірісінің меңгерушісі, техникалық жабдықтау бөлімінің экспедиторы (Баянауыл ауданы), Сольветка кентінде кітапхана меңгерушісі, «Ертіскөмірқұрылыс» трестінің Қалқаман құрылыс-монтаж басқармасының 8-ші құрылыс учаскесінде балташы, мастер-прорабы, Қазақстан Компартиясы Ермак аудандық комитетінде нұсқаушы болып жұмыс істеген. (Ермак ауданы, Павлодар облысы).