Хамитов Арын

1924 жылы туған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Құндыкөл ауылының тумасы. 2005 жылы қарашада  Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Егіндібұлақ ауылында қайтыс болған.

Әскери мамандығы. Орта танктер экипажының маманы.

Атағы. Гвардия сержанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА- ға 1942 жылы желтоқсанда шақырылған. Ұлы Отан соғысында 16-запастағы атқыштар бригадасы құрамында атқыш ретінде;  79-танк бригадасы құрамында автоматшы ретінде; 14-атты әскер полкі құрамында бөлімше командирі ретінде; 10-оқу-жаттығу танк полк құрамында танк командирі ретінде соғысқан. 1947 жылы сәуірде әкерден қайтарылған.

Еңбек жолы.  1948 жылдан 1950 жылға дейін Петропавловск колхоз басшыларын дайындайтын екі жылдық мектепте оқыған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының  Молотов атындағы ұжымшардың (Егіндібұлақ ауылы) мал дәрігері, төрағасы болған, мал шаруашылығы саласында еңбек еткен. Павлодар облысы,  Баянауыл ауданының Алексеевка ауылында тұрған.

Марапаттары. Отечественной войны І степени ордені; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией», «За трудовое отличие» (үшеу), «За освоение целинных земель», «Ветеран труда» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К. мерейтойлық медальдары.