Хасенов Қ.Х.

Хасенов Қайыр Хасенұлы 1925 жылы 9 қарашада  туған. Павлодар облысы Тереңкөл ауданның дүниеге келген.

Атағы. Капитан.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1943 жылы қаңтарда шақырылған Ұлы Отан соғысында 259 – артиллерия полкі құрамында атқыш ретінде соғысқан. Кеңес  – жапон соғысына қатысқан.

1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Максим – Горький ауданының Октябрьск орта мектебінде қазқ тілі мұғалімі, Қазақстан Компартиясы Максим – Горкий аудандық комитетінің нұсқаушысы, Баянауыл ауданының «Баянауыл» кеңшарында бастауыш партия ұйымының хатшысы, Қазақстан Компартиясы Баянаул аудандық комитетінің үгіт  – насихат бөлімінің меңгерушісі, Баянауыл аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Баянауыл аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Баянауыл аудандық тұтынушылар одағының төрағасы болып жұыс істеген. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының құрметті азаматы.

Марапаттары. Отечественной войны І степени, «Знак Почета» ордендері;  «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 г.г.», «За победу над Японией», «Ветеран труда», «За освоение целинных земель» медальдар; «20 лет победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 г.г.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 г.г.», «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», «1941 – 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы  Жеңіске 60 жыл», «60 років визволення Украіни від фашистських загарбників», Маршала Советского Союза  Жукова Г.К. мерейтойлық медальдары; төсбелгілері: «25 лет победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 г.г.», «Ветеран войны 1941 – 1945 г.г.».