Христенко Василий Тимофеевич

1925 жылы 12 сәуірде туған. Қарағанды облысы, Киров ауданы, Большая Михайловка селосының тумасы. 2010 жылы 9 ақпанда Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Барнаул қаласында қайтыс болған.

Әскери білім мамандығы. 1-ші Тамбов әскери-жаяу әскер училищесі (Семей қ. 1943), артиллерист.

Атағы. Старшина.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысында 4-гвардиялық Армияның 62-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында барлау ротасының барлаушысы ретінде (2-ші Украин майданы); 6-гвардиялық танк Армиясының 5-гвардиялық танк корпусы  құрамында 80-жеке мотоциклет батальонында  бронетранспорт командирі ретінде соғысқан. (2-ші, 3-ші Украин майдандары). Днепрді ұрыспен кешіп өтуге, Корсунь-Шевченко операциясына,  Бухарест, Будапешт, Вена, Прага  қалаларын  азат етуге қатысқан.  Кеңес-жапон соғысына қатысқан. 1946 жыл әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында «Жасыбай » демалыс үйінің директоры, Алтай өлкесі, Топчиха ауданының прокуротурасының тергеушісі, прокурорының көмекшісі, прокуроры, Володарск МТС-ның зона бойынша СОКП аудандық хатшысы, екінші хатшысы, Топчиха аудандық атқару комитетінің төрағасы, Змеиногорск, Шипуново СОКП аудандық комитеттерінің бірінші хатшысы, Алтай өлкелік атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген (РКФСР. Социалистік Еңбек Ері.)

Марапаттары. «Серп и молот» Алтын медалі; Ленина, Отечественной войны І степени, Отечественной войны ІІ степени, Славы І степени, Славы ІІ степени, Славы ІІІ степени (екеу), Трудового Красного Знамени, Красной звезды, «Знак Почета», «За заслуги перед течеством» ІV степени, «Дружбы» ордендері; «За взятие Будапешта», «За взятие Вены», «За освобождение Праги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией», «Ветеран труда», «За освоение целинных земель» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова К.Г мерейтойлық медальдары.