Шахметов Бөзтай 1926 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының тумасы; 2001 жылдың 30 қарашасында қайтыс болған, Баянауыл ауылы.
Әскери білімі, мамандығы. Нысанашы.
Атағы. Қатардағы.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1944 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына, Австрияны, Венгрияны, Румынияны, Чехославакияны азат етуге қатысқан. 1950 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. КСРО IIМ органдарында, Қазақстан Компартиясы Максим Горький, Баянауыл аудандық комитеттерінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, хатшысының көмекшісі, Баянауыл аудандық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы, Баянауыл ауыл шаруашылығы өңдірістік басқармасы кәсіподақ комитетінің төрағасы, Баянауыл құрылыс-монтаждау басқармасы басшысының орынбасары, Баянауыл ауданы №2117-ші орталық жинақ кассасының меңгерушісі, Баянауыл аудандық тұрмыс комбинатының директоры (Павлодар облысы) болып жұмыс істеген.
Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» «Еңбек ардагері», «За освоение целинных земель»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К.