Үрпекбаев Темірхан О.

Үрпекбаев Темірхан Омарбекұлы 1919 жылы  12 желтоқсанда туған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылшілік ауылының тумасы. 1997 жылы 26 тамызда Павлодар облысы, Екібастұз қаласында қайтыс болған.

Әскери мамандығы. Кавалерист.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы ақпаннан кешіктірмей шақырылған. Ұлы Отан соғысында 63-атты әскер дивизиясы, 220-атты әскер полкінің барла тобы құраиында соғысқан. Солтүстік Кавказда болған шайқастарға қатысқан. 1943 жылы мамырда жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақ ССР IIМ Павлодар облысы бойынша басқармасының Баянауыл аудандық бөлімінде; мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директоры, интернатта тәрбиеші, меңгерушісі (Баянауыл ауданы Павлодар облысы), ХХII-партсъезд атындағы кеншарда орта мектептің мұғалімі болып жұмыс істеген. (Екібастұз ауданы, Павлодар облысы).

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі;    «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медалдары; төсбелгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».