Үрпеков Рахметолла

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, «Үрпек» елді мекенінде дүниеге келген. 1928 жылы Кереку қаласының педагогикалық училищесіне оқуға қабылданады. Ол оқуды 1931 жылы бітіріп, сол жылдардан бастап Кереку балалар үйінде қызмет атқарады. 1936 жылдан бастап Баянауыл ауданының бөлімшелері Мұрынтал, 1 май, 2-ші ауыл, Сарыөлең ауылдың бастауыш мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

1942 жылдың қаңтарында әскери комиссариаттың шақыруы бойынша Отан қорғауға аттанады.  Ұлы Отан соғысы кезінде Шығыс шекарасын қорғауға қатысқан. 1944 жылдың аяғында шақырту бойынша елді мекенде мұғалім жетіспеушілікпен елге қайтады. Қайтып келіп Баянауыл ауданы, «Большевик» сегіз жылдық мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып орналасады. Мақтау қағаздарына, Алғыс хаттарға ие болып білімді шәкірттер тәрбиелейді. 1971-1972 оқу жылында «Сарыөлең» бастауыш мектебінен зейнеткерлікке шығады, жұбайы екеуі 9 бала тәрбиелеп өсіреді. Балаларын орын-орнына жеткізіп, ұлын-ұяға, қызын-қияға қондырады.

1979 жылы 1 маусымда 73 жасында бақилық болады.