Бүгін, 15-ші ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні. Дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды. Биыл бұл датағы 33 жыл.
Қазақ жерінен аттанған Ауған жауынгерлерінің қатарында жерлестеріміз де бар. Сәтбаев ауылының Мәдениет Үйі және ауыл кітапханасының оқырмандары атынан ардагерлеріміз Ахметов Нұржан, Шалабаев Ерсін, Қанышев Төлеген, Оразбеков Бөкей, Байғожин Ербол және Садықов Нұрлан ағаларымызды мерекелімен құттықтаймыз!
@serik_batyrguzhinov
@kinaiat.talipov
@bayanaul_aqparat