«Ұлы даланың- ұлы данасы»атты ақпарат сағаты.

Жарылғап ауыл кітапханасында Рухани жаңғыру аясында, Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жыл толуына орай «Ұлы даланың- ұлы данасы»атты ақпарат сағаты өткізілді. Қазыбек Келдібекұлы- қазақ халқының XVII- XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта Жүз Арғын тайпасының Қаракесек руына кіретін Болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келгені, арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек есімдері елге белгілі әділ билер болғаны туралы айтылды. Шара барысында, «Қаз дауысты Қазыбек би» атты мақалалар жинағының 1 том кітабына библиографиялық шолу жасалды. Ізденудің нәтижесінде, атақты бидің өмірдегі жайлы бұрын белгісіз болып келген соны, тың, қызғылықты мәліметтер мен қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтер де оқырман назарына ұсынылды.

@serik_batyrguzhinov
@kinaiat.talipov
@bayanaul_aqparat

INSTAGRAM