Орталық аудандық кітапхана тағы бір кітаппен толықты.

Орталық аудандық кітапхана тағы бір кітаппен толықты. Кітап авторы ұзақ жылдар Баянауыл ауданында жауапты қызметтер атқарған мемлекеттік қызметкер, Павлодар облысы және Баянауыл, Ертіс аудандарының Құрметті азаматы, Қорабай Шәкіровтың «Баянаулалықтар» кітабы – ұзақ ізденіс пен үлкен еңбектің жемісі. Кітапта көптеген облыстық, республикалық мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар мен ойтолғаулар топтастырылған. Оларда ел мен жер тарихына, тұлғалардың өміріне қатысты қызықты деректер мен мағлұматтар қамтылған. Құрметті кітап сүйер қауым! Осы кітапты аудандық кітапханадан алып оқуларыңызға болады.

 

@samal_balgabaikyzy
@serik_batyrguzhinov
@kinaiat.talipov
@bayanaul_aqparat

INSTAGRAM