Бірлік ауыл кітапхана коворкинг орталығында «Ақжүніс» клубымен «Қазіргі қазақ қызы қандай болуы керек» деген тақырыпта пікірталас өтті.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын- деп халқымыз қыз туралы жырлаған білеміз. Осыған қарап-ақ, қыз атаулының жүзі жарқын, кісі алдында ұяң екенін көруге болады. Әр ұлт, әр халық өзінің ерекшелігі мен тарихы арқылы мақтанады. Сол сияқты, қазақ халықының айта кетер тағы бір ерекшелігі, қыздарының ибалылығы мен инабаттылығы және көне жәдігеріміз болып табылатын құнды әшекейлеріміздің өзіндік сәні мен берер мәні көп екенің білеміз.
@shahmetova_sholpan
@samal_balgabaikyzy
@serik_batyrguzhinov
@kinaiat.talipov
@bayanaul_aqparat