Сәтбаев ауыл кітапханасы. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» дөңгелек үстелі өткізілді.

2022 жылдың 15 наурыз күні Сәтбаев ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» дөңгелек үстелі өткізілді. Аталған шара Қазақстанның батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығуды, елдегі меценеттар мен қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғаларды көпшілікке танытуды көздейтін жобаны оқырмандар арасында кеңінен насихатталды.
Дөңгелек үстел барысында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында елге танылған Павлодар облысының үздіктері туралы кітап көрмесі безендіріліп, библиографиялық шолу өткізілді.
Іс-шараға мектеп кітапханашысы мен тәрбие ісі жөніндегі мектеп басшысының орынбасары, жергілікті әкімдік мамандары, мәдениет үйінің қызметкерлері және оқырмандар қатысты.

@shahmetova_sholpan
@samal_balgabaikyzy
@serik_batyrguzhinov
@kinaiat.talipov
@bayanaul_aqparat

INSTAGRAM