«Домбыра күні-ұлттық үні» атты әдеби музыкалық кеш.

Тарихымызды қос ішегіне сыйдырған ұлы аспапты киелі санап, қастерлеп, төрге іліп қоятын қазақ халқы қосішекті домбырамен әуелетіп ән де, күмбірлетіп күй де шырқаған. Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде және одан әрі топтастыру мақсатында шілде айының алғашқы жексенбісін «домбыра күні» деп белгілеуі де тегін емес. Домбыра ұлтымызды ұлықтайтын ұлы аспапқа деген асқан құрметі мен сүйіспеншілігінің белгісі.Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінің домбыра ансамблімен бірлесе «Домбыра күні-ұлттық үні» атты әдеби музыкалық кеш өткізілді.

INSTAGRAM