«Зерделі ойдың зергері» әдеби кеш өткізілді.

Мәшһүр Жүсіп ауыл кітапханасы және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы ЖОББ мектептің кітапханашысы Ахмолдина Үміт Қазтайқызымен бірлесе отырып, Ақын, аудармашы, ірі қоғам қайраткері, ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150жыл(1973-1938жж) «Зерделі ойдың зергері» әдеби кешімізді тұрақты оқырмандардың қатысуыменен өткізілді. Мақсаты, Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.Ахмет Байтұрсынұлы- қазақтың тіл білімінің іргетасын қалаушы, ғалым, ағартушы педагог, тамаша ақын, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ елі үшін А.Байтұрсынұлы ерекше тұлға, ұлттық жазудың реформаторлық, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы. Биыл «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналады. Әдеби кеш мәнді де, мағыналы түрде өткізілді. Ақынның кітаптары оқырмандар назарына ұсынылып насихатталды.

 

INSTAGRAM