Ақсаң ауыл кітапханасы.
Жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Әуезовтың туғанына — 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов — көркем сөздің пірі» атты жас оқырмандардың қатысуымен әдеби кеш өткізілді.
XlX ғасырдың асқар белі Абай болса, XX ғасырдың заңғар биігі — Мұхтар Әуезов. Бүгінде есімі ұлттық мақтанышымызға айналған, атағы жер жүзіндегі адамзат баласының арыстандары атанған Шекспир, Пушкин, Толстойлармен теңдесіп, әлемдегі үркердей ұлылардың қатарына кірген, халқымыздың кемеңгер перзенті, дара және дана Мұхтар Омарханұлы Әуезовты қазақ мәңгілік оқып өтеді. Қанша ғасыр өтсе де, қанша дәуір өтсе де қазаққа саралап берген Абай жолы жалғаса береді. Абайдай дананы танытып, өзі де қайталанбас бірегей тұлға болып танылған Мұхтардай ұлылар мәңгі жасайды.
Оқушыларға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру мақсатында өткізілді.