Торайғыр ауыл кітапханасында жаңа қоғамдық кеңістік – коммуникация орталығы ашылды.

2022 жылдың қазан айының бірінші жұлдызында ауыл кітапханаларының заманауи талапқа сай модельдік стандартты енгізілу мақсатында, Торайғыр ауыл кітапханасында жаңа қоғамдық кеңістік – коммуникация орталығы ашылды.
Коммуникация орталығында әр жастағы адамдар өз бетінше немесе топпен жұмыс істеуге, кездесулер өткізуге, сүйікті кітаптары мен мерзімді басылымдарын оқуға, әңгімелесуге келе алады. Мұнда қажеттінің бәрі бар – демалуға және оқуға арналған аймақ, бірлескен және жеке жұмыс істеуге арналған аймақ, Wi – Fi аймағы құрылған, Интернетке қосылған сонымен қатар, қызметкерлер біздің пайдаланушыларға маңызды ақпараттық қолдау көрсетуге дайын.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші және әрбір ортаның дамып жетілуі, дәл осы, жастардың көмегімен жүзеге асады. Біз бұл орталық арқылы ауыл жастарына бос уақытын тиімді пайдалануға, жастар саясатын дамытуға қосқан үлесіміз деп санаймыз. Кітапхана пайдаланушылары үшін барлық жағдай жасалған. Бұл орталық барлық санаттағы пайдаланушыларға, бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ашылу салтанаты ауыл әкімі М. Ә. Молшин, кітапхана саласының зейнеткері Н. Р. Серікбаева және ауыл тұрғындары мен оқушылардың қатысуымен өткізілді. Осы шараға атсалысқан 4 – сынып оқушысы Рашид Мерхат, 3 – сынып оқушысы Рашид Аяла,
6 – сынып оқушысы Ғайбиран Бағлан. Осы шараға демеушілік көрсеткен балаларды жаттықтырушы Дидар. Лента қиылғаннан кейін «Беу жігіттер» тобының мүшелері ән – шашу шашты. Салтанатты шара өте жоғарғы деңгейде өтті. Осы шараға атсалысқан барша қауымға мың алғыс!

 

INSTAGRAM