«Данқты партизан Жылыбек Ағаділов» атты тарихи тұлға сағаты.

Жалғыз қайың ауыл кітапханасында ҰОС ардагері Жылбек Ағаділовтың туғанына 110 жыл толуына орай «Данқты партизан Жылыбек Ағаділов» атты тарихи тұлға сағаты өткізілді. Жылыбек Ағаділов 1913 жылы 5 қаңтарда Баянауыл ауданында дүниге келген.ҰОС кезінде сүйікті жары Жамал мен Брянск обл. Клетнян ауданының төңірегінде партизан құрамасында жаумен соғысады. Партизан қатарында жүргенде қыздары Майя дүниеге келеді. Шараға қатысқан қауым данқты партизан жайлы құнды деректермен таныс болды.

 

INSTAGRAM