«Денсаулық туралы бірге ойланайық» денсаулық сағаты.

Салауатты өмір салты –  бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға, нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»  деп бекер айтпаса керек. Себебі,   дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы. Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді және өз денсаулықтарына  үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек. Осы бағытта Орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі  «Денсаулық туралы бірге ойланайық» тақырыбында  4 сынып оқушыларымен денсаулық сағатын өткізді.

Шараның мақсаты:  салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы баланың денсаулығын сақтау, нығайту, өз денсаулығына немқұрайлы қарамайтын тұлға қалыптастыру, зиянды, жат әдеттерден аулақ болуға шақыру.

 

        

 

INSTAGRAM

FACEBOOK