«Алғысым шексіз халқыма!» атты  ақпараттық сағат.

Алғыс айту күнін мерекелеу күнтізбеге сәйкес көктемнің басталуымен, табиғаттың ояну уақытымен, жаңа үміттермен сәйкес келетіні айтулы оқиға.

1 наурыз Алғыс айту күніне орай Баянауыл аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің  ұйымдастыруымен «Алғысым шексіз халқыма!» атты  ақпараттық сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашылар Алғыс айту күнінің мәні мен маңызы туралы айтып,  әр түрлі салаларда  және кәсіптерде адал қызмет етіп, әсіресе соңғы жылдары, елдің дамуына үлесін қосып жүрген қазақстандықтарға  алғыс айту ретінде, оқушылар берілген қағаз бетіндегі күн шуақтарына тілектерімен ізгі ниеттерін білдірді.

Мақсаты: ұлттық бірлікті, қазақстандық патриотизмді және халықтың әлеуметтік оптимизмін нығайтуға, барша қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсетуге ықпал етуі.

 

       

 

INSTAGRAM

FACEBOOK