«Заңғар жазушы» атты әдеби кеш.

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясына орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері танымал қазақ жазушысы, драматург, аудармашы Төлен Әбдіктің шығармаларын  насихаттау мақсатында Егіндібұлақ ауыл және мектеп кітапханашыларының  бірлесе ұйымдастыруымен «Заңғар жазушы» атты әдеби кеш өткізілді. Бұл іс – шара ЖОББМ 5-6 сынып оқушылырының қатысуымен өтті. Шара барысында оқырмандар назарына Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасы бойынша бейне ролик көрсетілді және де жазушының осы туындысы оқылып, оқырмандар арасында әңгіменің түпкі өзегі қызу талқылана ортаға салынды. Қаламгердің ерекше  әңгіме-хикаяттары жас оқырмандарға  оң әсер берді. Қазақ әдебиетіне өзіндік із қалдырған қаламгер туындылары адамгершілік, мейрімділік, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерге арналып жазылған. Төлен Әбдік – адамның ішкі жанын қопара зерттеп жазатын жазушы. «Оң қол» әңгімесі драмалық-психологиялық жанрда жазылған керемет туындыларының бірі деуге болады. Қаламгер Төлен Әбдік рухани мұрамызды жаңғыртып, артына өшпестей із қалдырған әдебиетіміздің рухани тұлғасы.