«Бірліктің белгісі, татулықтың таңбасы» атты ақпараттық сағат.

Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі – Көрісу күні. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының мерейлі бастауы ретінде тойланатын бұл күнді кей жерлерде «амал» деп те атайды. Бұл күні барлық өкпе – реніш ұмытылып, кешіріледі. Көрісу күні – ескі жылдан жаңа жылға аман жеткен қуаныштың, ағайынның арасына сыйластықты дарытатын ынтымақ пен бірліктің, татулықтың мерекесі. Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу мақсатында: 14 наурыз Көрісу күніне орай  Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен Шапық Шөкин атындағы ЖОББМ -нің 3 «А»- сынып оқушыларының қатысуыменен «Бірліктің белгісі, татулықтың таңбасы» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Шара барысында көрісу күні туралы түсініктеме беріліп, салт-дәстүрі айтылды. Сонымен қатар, оқушыларға  дастархан жайылып, 3-ші сынып оқушысы Сейсенбек Оразгелді ақ батасын айтып берді. Шара өте қызықты да мәнді болды.

 

        

 

INSTAGRAM

FACEBOOK