«Ең қызықты журналдар» атты ақпараттық сағаты.

Қ. Исабаев атындағы аудандық кітапханасының  балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен жас оқырмандарға «Ең қызықты журналдар» атты ақпараттық сағаты балаларды жаңа мерзімді басылымдар туралы ақпараттандыру, мерзімді басылымдарды оқуға қызығушылық тудыру мақсатында өткізілді.

Ақпараттық сағат барысында балалар «баспасөз», «мерзімді басылым», «газет», «журнал», «мақала» сияқты ұғымдармен таныстырылды, сонымен қоса балалар «Ақ желкен», «Балақан», «Ақылдым», «Мөлдір бұлақ», «Жас ғалым», «АБВГД», «Балдырған» және т.б  балалар журналдары мен газеттер әлеміне қызықты саяхат жасады.

 

 

INSTAGRAM

FACEBOOK