2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні.

2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні 📚📚📚

Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен жас оқырмандарға кітап күнінің маңыздылығы және балаларға кітап оқудың қажеттілігін дәріптеу мақсатында «Жаңа кітап – жаңа әлем» атты кітапхана сағаты өткізілді.

Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан бастап дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай 2-сәуір – балалар кітабы күні болып жарияланған. Андерсен балалар кітабын жазуға баға жетпес үлес қосты, ол әлемге өзінің туындыларын көптеген әдемі ертегілерін сыйлады.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері балаларға Халықаралық кітап күнінің тарихы, Г. Х. Андерсеннің өмірбаяны және оның керемет ертегілері туралы көптеген қызықты мағлұматтар берді.

 

 

FACEBOOK

INSTAGRAM