«Артық білім – кітапта» атты кітап көрмесі.

Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде Халықаралық балаларға арналған кітаптар күніне орай  «Артық білім – кітапта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу өткізілді. Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1956 жылдан бастап балалардың ертегішісі дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күні яғни, 2 сәуір халықаралық » Балалар кітабы» күні деп бекітілді. Г.Х.Андерсеннің Ертегілер кітабы және А.Грин Алқызыл желкендер, Х.Хейди Бала айдахар, Ж.Роумин Хәрри Поттер атты ертегі кітаптары насихатталды. Кішкентай оқырмандар қызығушылықтарын танытты. Мақсаты: балаларды әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өміріндегі кітаптың алар орны ерекше  екенің насихаттау