Кітап бәрімізді  білімді, өнерлі болуға тәрбиелейді.

Кітап бәрімізді  білімді, өнерлі болуға тәрбиелейді. Кітап арқылы білім мен ғылымның пайдасы туралы біле аламыз. Алға басқан сайын  кітап біздің айнымас серігіміз  болып  қала береді. Қ. Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімі тұрақты жас оқырмандарымен оқыған кітаптарымен сұхбат өткізді.  Дамежан жыл бойы 40-тан аса кітап оқып, өзінің оқыған кітаптарынан алған әсерін қысқаша баяндап , оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Аружан оқырманымыз кітап оқуға деген ой-пікірін, одан алған әсерін, тәлімділік жағын айтып, оқыған кітаптардың мазмұнына қысқаша шолу жасады.Қалған оқушылар да оқыған кітаптарынан түйген ойларын жарыса әңгімелеп берді.

Бұл шара балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға әсері мол болды.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деген дана халқымыздың сөзі осындайда айтылса керек. Ендеше кітапханаға келіп кітап оқитын оқырмандарымыз көп  болсын.

 

           

 

INSTAGRAM

FACEBOOK