Ғарышкерлер күні.

Ғарышкерлер күніне орай Қ. Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімі «Ғарыш саяхатының желі» атты  виртуалды саяхат өткізді. Іс-шараға Ш. Шөкин атындағы мектептің даярлық және 1 ә сынып оқушылары қатысты. Оқырмандарға алғашқы ғарыш сапары, ғарыш аймағына айналған Байқоңыр, аспан әлеміне ұшқан ғарышкерлер, оның ішінде Қазақстаннан ұшқан үш ғарышкерлеріміз жайлы ақпараттар берілді.

Мақсаты: балалардың бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, білімге, ғылымға ұмтылдыру, ғарыш саласы туралы білімдерін молайту, қазақтың ғарышкерлерінің өмірбаяндарымен таныстыру.

 

             

 

FACEBOOK

INSTAGRAM