«Ұлтының ұлы перзенті» атты дөңгелек үстел.

11 сәуір күні Мәшһүр Жүсіп ауыл кітапханасында академик, геолог-ғалым Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай «Ұлтының ұлы перзенті» атты тұрақты оқырмандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімін ұлықтау, оның игі ісін кейінгі ұрпаққа жеткізу. «Қазақтың Қанышы» атты кітап көрме безендіріліп, шолу жүргізілді. Шара барысында оқырмандарға, Қаныш Имантайұлының өмірінен сыр шертетін үзінді бейнебаяндар көрсетілді. Іс-шараның соңында оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы айтылған мағұлматтар бойынша сұрақтар қойылып, оқушылар сұрақтарға мүдірмей жауап берді.