«Атың Бұқар, дауысың сұңқар, сөзің іңкәр» атты тарихи тұлға сағаты.

Шоманкөл ауыл кітапханасында әйгілі жырау Бұқар Қалқаманұлының мерейтойына арналған «Атың Бұқар, дауысың сұңқар, сөзің іңкәр» атты тарихи тұлға сағаты өткізілді. Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірбаянымен, шығармаларындағы философиясы, дүниетанымдық көзқарастары, нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні таныстырылып, тұлғаның Қазақ әдебиетіндегі мұралары мен еліне жасаған жанашырлығының құндылығы насихатталды.