«Артық білім – кітапта» атты ақпарат сағаты.

Жалғызқайын, Ақсан ауыл кітапханасы және Д.Рахметов атындағы ЖОББМ кітапханасының бірлесуімен Халықаралық кітап күніне орай «Артық білім – кітапта» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара барысында жас жеткіншектерге кітап – сарқылмас білім бұлағы, адамның рухани дамуына септігін тигізетін құнды жәдігер екенін айттық. Оқушылардың назарына «Кітап рухани қазына» кітап көрмесі ұсынылып,  оқылған кітаптар бойынша әңгіме сұхбат жүргізілді.