«Баянтаудың жаңашыры» атты өлкетану сағаты.

Журналист, КСРО және ҚазКСР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі, Баянауыл ауданы «Баянтау» газетінің бас редакторы Ш.Д.Шалбайдың туғанына 80 жыл толуына орай Майқайың кітапханасы және М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебімен бірлесе «Баянтаудың» жаңашыры» атты өлкетану сағаты өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың бойына өлкетану білімін кеңейту патриотизм және мақтаныш сезімін ұялату. Шара барысында бас редактордың өмірбаяны мен еңбек жолына, шығармашылығына шолу өткізілді. Шара соңында оқырмандар викторина сұрақтарына жауап берді.