«Күллі әлемді қаратқан» атты тарихи тұлға сағаты. Ақсан ауыл кітапханасы.

Ақсан ауыл кітапханасында Бұхар жырау Қалқаманұлының мерейтойына орай «Күллі әлемді қаратқан» атты тарихи тұлға сағаты өткізілді.

Аталмыш іс-шара барысында Бұхар жыраудың шығармашылығы мен өмірі, ұрпаққа қалдырған мұрасы, жыраулық өнердің құдіретімен таныстырылды. Келер ұрпаққа данышпан да кемеңгер бабамызды, «сөз пайғамбары» және қоғам қайраткері ретінде таныта білу – біздің үлкен парызымыз.