«Тіл- халық мұрасы».

1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң
қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі –
ұлтаралық тіл деп бекітілді.2017 жылы премьер-министр Бақытжан
Сағынтаев Тілдер күнін 5-қыркүйек деп бекітті. Сол күні тіл білімінің атасы
Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан. Мерекелік датаның сол күнге
ауыстырылуы ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі. Осы
орайда Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен
«Тіл- халық мұрасы» атты оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін
арттыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген
сүйіспеншілігін арттыру мақсатында интеллектуалды сайыс Ш.Айманов
атындағы ЖОБММ-нің 8-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Анар
Сайлауқызының қатысуыменен өткізілді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Шара ана
тіліміздің тарихымен бастау алып, төрт кезеңнен тұратын сайысымен өз
жалғасын тапты. Аталмыш шарада Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне
арналған кітап көрмесі білім алушылардың қызығушылықтарын арттырып,
жас білім алушыларымыздың белсенділіктерін арттырды. Іс-шара өз
деңгейінде өтіп, барша білім алушыларымыз айтулы мерекемен бір-бірлерін
құттықтап, мерекелік көңіл күйді сезінді.Сайыс соңында оқушылар
белсенділік танытқандары үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.