Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі,
өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.Осы орайда Қ.Исабаев
атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Шаңырағым-шаттығым»
атты шарасы Баянауыл аудандық мерейлі отбасы байқауының бас жүлде иегерлері және
Павлодар қаласында мерейлі отбасы байқауының 3-ші орын иегерлері Жармағамбетовтар отбасы,
Облыстық, Республикалық дәстүрлі әндер байқауының лауреаты, Кейкі батыр атындағы арнайы
төс белгісінің және Республикалық «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері, ауданымыздың дәстүрлі әншісі
Жакупова Самал Кадетқызы, елге сыйлы Айтбаевтар отбасы, Ибрагимовтар жас отбасының
қатысуыменен өткізілді. Шара барысында: отбасылық құндылықтарға қатысты сұрақтар қойылып,
тиісінше жауаптар алынды. Ауданымыздың дәстүрлі әншісі Жакупова Самал Кадетқызы
Б.Тәжібаевтың «Анажан» әні мен «Балама» әнін орындап берді. Айзере Еркебұланқызы
«Анашым» атты өлеңің айтып берді. Шара мәнді де қызықты және тәрбиелік мағынасы мол болып өтті.