“Дара жазушы”

Майқайын кітапханасында тұрақты оқырмандардың қатысуымен,

жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған “Дара жазушы”,

“Көрнекті қаламгер” атты презентациялық шолу өткізілді.

Мақсаты: жазушының өмірбаянына тоқталып, шығармаларына шолу жасалды.

“О.Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті,

ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды.

Алыс – жақын елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса

айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды.” (Ә. Кекілбаев)