«Кітапхана – білімнің күншуағы»

24 қазан – Кітапханашылар күніне орай, Қ.Исабаев атындағы

орталық аудандық кітапханада «Кітапхана – білімнің күншуағы»

атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекеге орай кітапханашылар

аудан әкімінің, Қазақстан Республикасының кітапханалық одағының

құрмет грамотасы, алғыс хаты және төсбелгілерімен марапатталды.

Аталған марапаттарды Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Бөриев Елдос Заманханұлы

табыстап, мереке иелерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің, С.Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген

әмбебап ғылыми кітапханасының, Павлодар облысының мәдениет,

спорт, туризм, ақпарат, бюджеттік және мемлекеттік сала қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағының төсбелгісімен, алғыс хаттарымен және құрмет

грамоталарымен марапатталды. Аталған марапаттарды Баянауыл

ауданының кітапхана жүйесінің басшысы Рахимова Сауле Файзуллинқызы

кітапханашыларды құттықтап өтіп, табыстады. Шара барысында өлең оқылып,

кішкентай бүлдіршіндер тақпақтарын айтып, ән шырқалды.

INSTAGRAM